Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыӨңірде Жайық өзенінің су деңгейін бақылау жалғасуда. Қазіргі деңгейі - 8 м 36 см, су деңгейі қауіпті көрсеткіштен 14 см түсті. 28-29 сәуір күндері су деңгейі төмендейді деген болжам бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс бойынша су тасқыны кезеңінде 14 019 адам эвакуацияланды, оның 5 193-і бала, 12 эвакопунктте 2428 адам орналасқан, оның 1038-і бала. 2 елді мекен жол-көлік қатынасынсыз қалып отыр, 15 жол шаю оқиғасы қатаң бақылауда. 5 сәуірден бері 1,3 млн тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді. Жалпы саны 1,1 млн текше метрден астам еріген қар суы сорылды. 1,3 млн қапшық және 26 638 тонна инерттік материал төселді, - деді Батыс Қазақстан облысы ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Жалпы су тасқынының алдын алу және авариялық құтқару жұмыстарына 1596 адам, 477 бірлік техника, 63 су сору құралы, 151 жүзу құралы және 1 әуе кемесі жұмылдырылған.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар