30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, Шыңғырлау ауданы Ақтау ауылынан 11 наурыз күні сағат 19.00-де 1984 және 1977 жылғы екі ер адам Ақсай қаласы жағына қарай трактормен шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
14 наурыз күні сағат 17.17-де олардың жоғалып кеткені жөнінде хабар түскен. Сол кезде Бөрлі ауданында су тасқыны орын алғаны мәлім. Сағат 23.25-те Ақсай қаласынан «ҚПО б.в.» компаниясының жол талғамайтын көлігі іздеуге шыққан. Алайда жол болмағандықтан, сағат 03.00-де іздеу тоқтатылған.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметкері Дариға Мәжитованың айтуынша, аталған ер адамдар Ақтау ауылына жәрдем беруге барып, кері қайтқан кезде трактор балшыққа батып қалған. Біреуі көмек іздеп кеткен де, екіншісі, 1984 жылғы ер адам аяғы ауырғандықтан, күтіп қалған.
15 наурыз күні Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылынан 9 шақырым жерде ашық даладан 1984 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған жоқ. Аталған дерек адам өлімі ретінде тіркелді. Сараптама жүргізілуде. Бастапқы себебі – суға кеткен, - деді ҚазАқпарат тілшісіне Д.Мәжитова.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, екінші ер адам Бөрлі аудандық ауруханасының терапевтік бөлімшесінде жатыр. Оң жақ өкпесі қабынған. Жағдайы орташа ауыр.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды