Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікБатыс Қазақстан өңірінде екі республикалық маңызы бар күре жолдың құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жалпы ұзындығы 245 шақырымды құрайтын «Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы» (142 шақырым) мен «Өнеге-Бисен-Сайқын» (103 шақырым) күре жолдарында атқарылып жатқан күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға таяу қалды. Бірінші жобада асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталса, екінші күре жолдың 10 шақырымын ғана төсеу жұмыстары қалып отыр. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Батыс Қазақстан өңіріне жұмыс сапары аясында айтты.
«Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы» күре жолының 142 шақырымына жаңа асфальт төселді. Қазір күрделі жөндеу жұмыстарының соңғы сатысы жүзеге асып жатыр. Жолшылар жол қауіпсіздігін арттыру мақсатымен елді-мекендердің қасымен өтетін жол бөлігіне жарықтандыру орнатып, қажет жол белгілерін орнатып жатыр. Жол қолданушыларының ыңғайы үшін бес жаңа санитарлық гигиеналық торабы бар демалыс алаңдары да қарастырылды. Естеріңізге сала кетейік, бұл жол облыс орталығын Казталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарымен байланыстырып, Ресей Федерациясына шығуға мүмкіндік береді.
Мердігер ұйым Өнеге-Бисен-Сайқын күре жолының соңғы 10 шақырымын салып, аяқтайды. Бір ай ішінде мамандар жолды абаттандыру жұмыстарына кіріседі. Күрделі жөндеу жұмыстары аясында жаңа жарықтандыру мен жол белгілерін орнатып, жол таңба сызығын сызады. Сонымен қатар, жолшылар Жәңгір хан резиденциясына (Р-56 "Хан Ордасы ауылына кіреберіс жол") апаратын жалғыз жолды орташа жөндеу жұмыстарымен қамтыды. Бұл учаске республикалық маңызы бар «Өнеге-Бисен-Сайқын-РФ шекарасы» автожолының және Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданы Хан Ордасы ауылының арасында орналасқан.
Нысандарда 370 техника мен 500 адам жұмыс істейді. Күре жолдар халық игілігіне берілген соң көлік қарқыны бірнеше есе артады деп күтілуде. Барлық жұмыстар биыл жылдың соңына дейін аяқталады.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді