Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2024 жылдың 3 шілдесінде Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында "BATYSMINIRALSU" ЖШС базасында "SARTAY" брендімен табиғи минералды ауыз су өндірісінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Компания тәулігіне 100 текше метрге жуық бөтелкедегі минералды су өндіреді. Ауыз су тікелей жер асты көзінен алынады және санаторийлер, профилакторийлер, емдеу мекемелерінің қажеттіліктері үшін пайдалануға бағытталған.
Минералды су өндірісінің іске қосылуына БҚО әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, кәсіпорын жұмысына сәттілік тіледі.
Мемлекет басшысы жыл сайынғы жолдауларында өңірлердегі инвестиция тарту және жаңа өндірістерді іске қосу мәселесіне жіті назар аударады. Бүгін өңірімізде 60-тан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтитын осындай минералды су шығаратын зауыт іске қосылып отыр. Аталған жобаны іске асыру үшін 2,5 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылды, - деді Нариман Төреғалиев.
Жоба «ДАМУ» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы қолдау алды.
Өндірілетін суда натрий, калий, кальций, магний және т. б. сияқты пайдалы микроэлементтер, сондай-ақ адам ағзасына қажетті минералдар бар.
Өнім сертификатталған және ISO 9001, 22000 халықаралық сапа стандарттар талаптарына сәйкес келеді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?