23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Батыс Қазақстан облысында өз үйінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 3 ақпан күні Бәйтерек ауданы Достық ауылында болды.
Шамамен сағат 09.00-де өз үйінен көптеген жарақатпен ер адамның мүрдесі табылды. Алынған іс-шаралардың нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде 1990 жылғы тұрғын анықталып, ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша арақ ішу барысында ер адамдар арасында жанжал шыққан, - делінген ақпаратта.
Күдікті кінәсін мойындап, жауап берді.
Ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 128-бабының тәртібімен Приурал полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдарын Приурал полиция бөлімі жүргізіп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, - деп хабарлады ведомстводан.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік