Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсСырым ауданы Аралтөбе ауылы маңында көпірді су шайып, аудан орталығымен қатынас үзілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Сырым ауданы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, қардың күрт еруі салдарынан су деңгейі көтеріліп, 16 наурыз күні таңмен уақытша көпірдің айналасындағы топырақ шайылып кетті. Негізгі көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Осыған байланысты жол жабылып, көлік және жаяу жүргіншілердің қозғалысы тоқтатылды. Сырым аудандық төтенше жағдайлар және аудандық ішкі істер бөлімі тарапынан кезекшілік ұйымдастырылды. Тұрғын үйлерге қауіп жоқ. Қазіргі уақытта Аксай қаласы жағынан баламалы кіру жолдары бар. Қалпына келтіру жұмыстарын су деңгейі төмендеген соң бастау жоспарлануда, - деп хабарлады Сырым ауданы әкімдігінен.
Аралтөбе ауылдық округінің әкімі Әділхан Мұхитовтың нақтылауынша, Шідерті өзеніндегі су деңгейі 15 наурыз күні сағат 16.00-ден бастап күрт көтеріліп, бүгін таңғы 04.00-05.00-терде көпірді екі жағынан жырып кеткен.
Ауылда он күнге жететін азық-түлік қоры бар. Аралтөбеде 190 үйде 664 адам тұрады. Орта мектеп, амбулатория, мәдениет үйі сияқты әлеуметтік нысандар қалыпты жұмыс істеп тұр. Аудан орталығы жағынан «КамАЗ» көліктерімен құм-қиыршық тас қоспасы тасылып, көпірді қайта бекітуге қам жасалатын болады. Қиындық туындаған жағдайда Тасқұдық ауылы арқылы 90 шақырым қашықтықта орналасқан Бөрлі ауданы орталығы Ақсай қаласына қатынауға болады. Тасқұдыққа дейін 45 шақырым грейдер жол, ар жағы – асфальт, - деді Ә.Мұхитов.
Сонымен қатар Қаратөбе ауданы Ақтайсай ауылының тұрғындары аудан орталығымен байланыстыратын жолдың үстімен су өткенін хабарлады.
- 15 наурыз күні сағат 16.00-де Қаракөл ауылдық округі Ақтайсай ауылының іргесіндегі Таян өзенінен өтетін өткелдің үстінен қар суы өтті. Ені - 20 метр. Елді мекенге қауіп жоқ, - деді бұл оқиғаға байланысты Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды