Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазіргі таңда облыс бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6 176 шақырымды құрайды. Оның 4762 шақырымы жергілікті маңызы бар жолдар болса, 1414 шақырым жол республикалық маңызға ие. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл Үкіметтің қолдауының арқасында 74 млрд теңгеге 570 шақырым жолды жөндеу көзделуде. Әсіресе республикалық маңызы бар автомобиль жолдары басты назарда. Атап айтар болсақ, ұзындығы 245 шақырымды құрайтын «Казталов – Жәнібек – РФ шекарасы» және «Өнеге – Бисен – Сайқын» автожолдарының күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. Қазіргі таңда 245 шақырым жолдың 125 шақырымы күрделі жөндеуден өтті, - деді өңір басшысы.
Сондай-ақ, 144 шақырымды құрайтын «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» автожолының 2 учаскесінде жұмыстар жүргізіліп жатырса, қалған 2 учаскеде жыл соңына дейін мердігерлер анықталып, жұмыстар басталатын болады.
Бұдан бөлек 27 млрд теңгеге 332 шақырым облыстық және аудандық жолдарды жөндеу жоспарлануда. Нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша жергілікті автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 52%-ға жеткізу мүмкіндігі бар, - деп атап өтті Нариман Төреғалиұлы.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?