Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБатыс Қазақстан облысында «Ауылдық денсаулық сақтау саласын модернизациялау» пилоттық ұлттық жобасы аясында 50 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарын салу жоспары бар. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл жоспарланған 24 медициналық нысанның 12-не құрылыс-монтаждау жұмыстары мен материалдық-техникалық жарақтандыруға республикалық бюджеттен 8,4 млрд. теңге қаражат бөлінді. Одан бөлек әлеуметтік міндеттемелер шеңберінде 25 млрд. теңгеге 1000-нан астам қажетті медициналық құрал-жабдықтар алынатын болады, - деп атап өтті облыс әкімі.
Батыс Қазақстандағы 247 дәрігер тапшылығының мәселесін шешу үшін өткен жылы жергілікті бюджеттен талапкерлерге 55 грант, республикалық бюджет арқылы резидентураға 88 грант бөлінді.
Жалпы кадр мәселесін шешу бағытында жұмыстанып, шақырту нәтижесінде өңірімізге 13 дәрігер маман кадр келді, - деді аймақ басшысы.
Аймақ басшысының айтуынша, кадрлардың көпшілігі ауыл-аймаққа барғысы келмейді. Ал барған жағдайда тұрақтамай, қайтып кетеді.
Ауылға барамын деген адамға 2-ден 5 миллион теңгеге грант беру мәселесін шешу керек. Екінші мәселе,тұрғын-үймен қамтамасыз ету. Үшінші мәселе - келіп жатқан кадрлар біздің өңірде тұрақтаса, шетелдік мамандарды шақырып, тәжірибе алмасуы үшін мүмкіндік жасау. Немесе шетелге жіберіп, қосымша оқытуды қарастыру керек, - деп толықтырды облыс әкімі.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар