Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрБұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов айтып, су тасқынының алдын алу бойынша Үкіметке бірқатар шара қабылдауды тапсырды, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Былтырғы жылдың соңы мен биылғы жылдың басында ауа райы жауын-шашынды болып, қар көп түссе, бүгінде еліміздің шамамен 90% аумағын қар басып жатқан көрінеді. Үкімет басшысы мұның барлығы су тасқыны қаупін арттыра түсетінін айтты.
Қазірдің өзінде Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында елді мекендерді су басып, жолдарды шайып кеткен фактілер кездесіп отыр. Желтоқсан айының ортасында Алматыда Есентай өзені де арнасынан асып кетті. Су деңгейі 1,5 метрге көтерілді. Мұндай жағдайлар қыс ортасында, алдағы су тасқыны кезеңіне дейін болды. Сол себепті өңір әкімдіктері аталған мәселелерге арнайы назар аударып, осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуі керек, – деді Әлихан Смайылов.
«Қазгидрометтің» болжамы бойынша, биыл қаңтар-ақпан айларында еліміздің барлық өңірлерінде ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады деп күтілуде. Премьер-министр бұған да дайын болу керегін атап өтті.
Су ресурстары министрлігі осы бастан су қоймаларын толтыру көлемін анықтап, оны тұрақты түрде бақылап отыруы қажет. Былтыр тамыз айында су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі іс-шаралардың алдын ала және сапалы өткізілуін қамтамасыз етуді тапсырдым. Алайда жекелеген қажетті шаралар ұзақ уақыт бойы қабылданбай келеді. Осыған байланысты мүдделі мемлекеттік органдар су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылауға алуы қажет. Өңір әкімдіктері жоспарланған барлық іс-шараларды аяқтауға міндетті, – деді Үкімет басшысы.
Әлихан Смайылов оңтүстік және батыс өңірлер қазірден бастап былтырғы жағдайлар мен жаңа болжамдарды ескере отырып, жоғары дайындық режиміне өтуі қажет екенін тапсырды.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова