Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБатыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тиісті шешімге өңір әкімі Нариман Төреғалиев қол қойды.
Аталған шешімге сәйкес БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалды.
Айта кетейік, өңірде су тасқынына байланысты күрделі жағдай қалыптасқан. Облыстың Сырым, Теректі, Қаратөбе, Бөрлі аудандарында тұрғын үйлер су астында қалды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 4 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның жартысы балалар. Облыс көлемінде су тасқынынан зардап шеккендер үшін жедел-эвакуациялық пункттер ұйымдастырылып, қажетті жағдайлар жасалуда.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс