23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовпен БҚО Жәнібек ауданында ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында фермерлерді мазалап отырған мәселенің бірі киіктердің егістік және шабындық жерлерінің тапталуы талқыланып, шаруалардың ұсыныстары қарастырылды.
Өз кезегінде министр шаруа қожалықтары жерлеріне киіктер таптауынан келтіріліп отырған қысымды азайту және алдын алу мақсатында министрлік тарапынан бірқатар шаралар жоспарланып отырғаны туралы жеткізді.
Сонымен қатар, министр Жәнібек ауданында Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрлігінің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында киіктердің Орал популяциясы мезгілдік миграциясына кедергі болып тұрған шекаралық қоршауларда өткелдер ашу мәселесі талқыланды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік