1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіБатыс өңірінің сыйлы азаматы Рахметолла Сүйербаевтың 80 жасқа толған мерейтойына орай шығармашылық кеш ұйымдастырылды.
Еліне адал қызмет етіп, туған жерінің гүлденуіне сүбелі үлес қосқан азаматтардың бірі - еңбек ардагері, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Рахметолла Сүйербаевтың 80 жасқа толған мерейтойына орай Достық үйінде үлкен шығармашылық кеш ұйымдастырылды.
Мерейтой иесін замандастары мен жастар өкілдері құттықтап келді.
«Сексен – сейіл құратын жас емес, бірақ көштен қалатын да емес». Осы сөзді бүгін сексеннің сеңгіріне шыққан Рахметолла ағамызға қаратып айтса жарасады. Өйткені, ол өмірлік те, қоғамдық та белсенділіктен қалған емес. Керек жерде бой көрсетіп, өмір ағымына үн қосып жүрген абзал жан. Қазір сіздің шәкірттеріңіз еліміздің әр жерінде абыройлы қызмет атқарып жүр» – деп Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов ағынан жарылды.
1938 жылы мұғалімдер отбасында дүниеге келген Рахметолла Сүйербаев жанұялық дәстүрге сай педагог жолын таңдады. Мектепте мұғалімдік қызметтен бастап, директорлық лауазымға дейін көтерілді. Білім саласында жоғары кәсібилігі мен ұйымдастырушылық қабілетін көрсете білген ол мемлекеттік қызметте де танылды. Қазталов ауданына басшылық жасаған ол, кейін облыс орталығында қалалық комитеттің екінші хатшысы қызметін атқарды. Өмірден түйгені мол Рахметолла Сүйербаев елуден астам ғылыми еңбек жазып, қоғам қайраткері дәрежесінде танылды.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?