6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (20-1) Теренс Кроуфордпен (39-0) спарринг өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Жүкембаев Кроуфордпен түскен суретін жариялады.
Үздік болу үшін үздіктермен жаттығу керек. Теренс Кроуфорд — #1 P4P. Бүгін тағы бір жақсы спарринг болды. Ол алдағы жекпе-жекте Эррол Спенсті нокаутқа жіберуге тырысатынын айтты. Сіз бұл айқас туралы не ойлайсыз? – деп жазды Батыр.
Теренс Кроуфорд пен Эррол Спенс арасындағы жартылай орта салмақта абсолютті чемпион атағы үшін талас 29 шілде күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді (АҚШ, Невада штаты).
Жүкембаев бұған дейін шаршы алаңға 24 желтоқсанда Алматыда шықты. Ол оңтүстік африкалық Ксолани Мкотхелиді техникалық нокаутпен ұтты.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі