Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрМәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров Мәжілістің жалпы отырысында техникалық қарасораны инвестиция тарту үшін өсіру мәселесін көтеріп, алаңдаушылық білдірді.
Техникалық қарасораға қатысты оптимизмге белгілі бір дәрежеде күмән келтіру керек. Себебі ол техникалық тұрғыдан қарасора болып саналса да, құрамында есірткі заттары бар. Бұл мәселе бойынша бірқатар сұрақтар туындайды. «Біз инвесторларды тарттық және олармен жұмыс істеп жатырмыз» деп айттыңыздар. Сол инвесторлар қандай талаптармен қабылданады? Екінші сұрақ: бұл қауіпті өсімдік болғандықтан, мемлекеттік реестр болуы тиіс. Техникалық қарасораны егу үшін рұқсат бергенде мемлекеттік реестр құрылды ма? Қай түрі қауіпті, қай түрі жоқ екені талданып жатыр ма?, – деді ол.
Саиров бұл мәселеге өте сақ қарау керек екендігін атап өтті.
Қазіргі уақытта мемлекетаралық шекаралар толық ашық. Бұл Қазақстанды есірткіге қатысты тәуекелдер мен қауіптерге ұшыраған елге айналдырып жіберуі мүмкін. Ертең «мен шекпеймін, бірақ басым кетеді» деп қоғамда белгілі бір эксцесске ұласып кетпей ме?, – деп сұрады депутат ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтен.
Өз кезегінде Әділов үкіметтің қарасора өндірісін дамыту жөнінде тапсырма бергенін айтып, мәселенің қалай шешілетінін түсіндірді.
Өнеркәсіптік мақсатта пайдаланылатын қарасораның ТГК құрамында 0,1-0,3 пайыз ғана бар. Ал қылмыстық жауапкершілік туғызатын марихуана, қарасораның ТГК құрамында 15 пайызға дейін болады. Сондықтан техникалық қарасора ешқандай қауіп төндірмейді. Бұл жұмысты қатаң бақылауға аламыз. Тоқсан сайын «Дәрек» профилактикалық шаралары өткізіліп, техникалық қарасораның өсірілуі қадағаланады, – деп жауап берді Санжар Әділов.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова