23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы президенті Азамат Сатыбалдының екі кеңесшісі тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі продюсер және режиссер Қуаныш Бейсек Қазақфильм ұлттық киностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Ол Қазақфильмнің шығармашылық даму бағытын қадағалап, сол бағытқа жауап беретін болады. Қуаныш студиямыздың дамуына өз үлесін қосады деген үлкен сенімім бар», - деп жазды Азамат Сатыбалды Instagram парақшасында.
Сонымен қатар, киностудияның өндірістік бағытын қадағалайтын кеңесші тағайындалған.
Белгілі продюсер Еркебұлан Күрішбаев Қазақфильм ұлттық қиностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Еркебұлан Қазақфильмнің өндірістік бағытын қадағалайтын болады. Еркебұлан студиямыздың дамуына үлкен үлес қосады деп сенемін, - дейді Азамат Сатыбалды.
Айта кетейік, Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм” киностудиясының аумағында қытайлық көліктер қаптағаны туралы жазған едік.
Киностудия басшысы Азамат Сатыбалды да әлеуметтік желіде қытай автокөліктерін жарнамалап жүргені белгілі. Көліктердің қапта тұруына рұқсат берген киностудия басшысы Азамат Сатыбалдының әрекеті әріптестерінің шымбайына батқандай. Актер Қуандық Дүйсенбаев алғашқылардың бірі болып әлеуметтік желіде үндеу жасаған. Шәкен Айманов атындағы қара шаңырақтың онсыз да хәлі мүшкіл кезде аумағын оңды-солды пайдалану қисынға келмейді деп күрсінеді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік