12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАлматы қаласының полиция департаменті көлік жүргізу кезінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған және бұл әрекетін әдейі әлеуметтік желіде жариялаған блогер Daricorn-ға (Дариға Нұркеева) қатысты шара қолданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілерді бақылау барысында блогердің бұрылыс белгісін қоспай, жолақ ауыстырып, әдейі апатты жағдай туғызғаны бейнеленген видео анықталған.
Танымал блогердің бұл әрекеті демонстративті түрде жасалған және жол қозғалысы ережелерін ашық бұзу болып табылады. Тексеру нәтижесінде ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595-бабы 1-бөлігі (бұрылыс сигналының берілмеуі) және 606-бабы 1-бөлігі (апатты жағдай туғызу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — делінген Алматы полиция департаментінің хабарламасында.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдары заңның бәріне ортақ екенін еске салды.
Қоғам алдындағы танымалдылық немесе әлеуметтік желідегі жазылушылар саны ешкімді жауапкершіліктен босатпайды. Әрбір жол ережесін бұзу фактісі тиісті заң аясында қаралатын болады. "Хайп" жасау үшін тәртіп бұзуға жол берілмейді. Жолдағы қауіпсіздік – бұл ойын емес, әр адамның азаматтық міндеті, — деді полиция өкілдері.
Полиция азаматтарды жолда жауапкершілікті болуға және өзгелердің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауға шақырды.
Айта кетейік, 4 күн бұрын Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті блогер Дариға Нұркееваға (DARICORN) қатысты мәлімдеме жасаған.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер