Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?19 тамыз күні сағат 20:00-де «Хабар» агенттігіне қарасты 24KZ телеарнасының тікелей эфирінде «Басты дебат – 2026» саяси жобасы көрсетіледі.
Бұл – ел тарихында тұңғыш рет өтетін Құрылтай сайлауының алдындағы қорытынды пікірталас. Басты дебаттың негізгі тақырыбы – «Дамыған экономика – қуатты қоғам». Тікелей эфирде үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламаларын жариялап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін негізгі шешімдерін ортаға салады. Саяси доданы 24KZ телеарнасының YouTube, сондай-ақ Telegram, Instagram және TikTok желілеріндегі ресми аккаунттарынан онлайн режимде көруге болады.
Бұл жолы пікірсайыс алаңында саяси ұйымдардың өкілдері емес, еліміздегі барлық жеті партияның көшбасшыларының қатысатынын атап өткен жөн.
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрайымы Дания Еспаева, Қазақстан Халық партиясының төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов, «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов, Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов, Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров және Baytaq партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев.
Төрт кезеңнен тұратын дебат форматы қатысушыларға партия бағдарламасын жүйелі түрде таныстыру, оппоненттеріне сұрақ қою, сондай-ақ байланыс орталығына келіп түскен бейнехабарламалар мен сауалдарға жауап беру мүмкіндігін қарастырады. Қорытынды бөлімде партия жетекшілері өздерінің сайлауалды мәлімдемелерін жолдайды.
Дебатқа қатысушылардың сөз сөйлеу кезегі жеребе тарту арқылы айқындалады. Жеребе тарту басты дебатқа бір күн қалғанда, яғни 18 тамыз сағат 10:00-де 24KZ телеарнасының тікелей эфирінде өтеді. Жеребе нәтижелері әлеуметтік желілерде де жарияланады. Осылайша, сөз сөйлеу кезегін анықтау рәсімі барлық үміткерлер мен көрермен үшін барынша ашық әрі әділ өтеді.
Дебат модераторлары белгілі тележүргізушілер — Нұрсұлтан Құрман мен Мөлдір Досбай, ал азаматтардан келіп түсетін сауалдарды колл-орталық арқылы Сағыныш Әбікей қабылдайды.
Жеті партия көшбасшыларының тарихи сайлау алдындағы тартысты пікірталасын өткізіп алмаңыз.
«Басты дебат – 2026». 19 тамыз, сағат 20:00. 24KZ телеарнасы.
Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді