Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАтырауда "Мұнайшы" бассейнінде жасөспірім қыздың қаза болуына қатысты іс бойынша сот үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жазда 10 жастағы қыз орталық "Мұнайшы" бассейнінде суға батып кеткен болатын. Сот процессуалдық келісім аясында бала өліміне себепші болған адамды абайсызда өлімге әкелу бойынша кінәлі деп таныды.
Қылмыстық іс ҚР ҚК-ның 306-бабы 3-бөлігі – "Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" бойынша қаралды.
"Мұнайшы" спорт кешенінің құтқарушысы өзіне жүктелген қауіпсіздік талаптарын сақтамай, 10 жастағы қызды ересектерге арналған бассейн залына өткізіп жіберген. Қыз тереңдігі 5,5 метр болатын қауіпті аумақта жүзген. Жүзуді білмегендіктен, қыз суға батып кеткен. Құтқарушының немқұрайлылығы мен төтенше жағдайларда көмек көрсету бойынша қауіпсіздік талаптарын орындамауы кәмелетке толмаған қыздың абайсызда қаза болуына әкеп соқтырған, – делінген Атырау қалалық сотының шешімінде.
Прокурор мен айыпталушы арасында кінәні мойындау туралы процессуалдық келісім жасалған. Жәбірленуші тарап келісім шарттарына келіскен.
Үкім тараптардың келісімі негізінде барлық жеңілдететін жағдайларды ескере отырып шығарылды. Айыпталушы ҚР ҚК-ның 306-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. ҚР ҚК-ның 63-бабын қолдана отырып, жаза шартты түрде тағайындалды, – деп мәлімдеді № 2 Атырау қалалық соты.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?