6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚызылорда облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы “Айбын” орденімен марапатталды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Шаймерден Есенкелдиев Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі “Айбын” орденіне ие болды.
Еске салсақ, ҚАЖД бастығы бассейн түбінде жасөспірімнің жатқанын байқап, бірден суға секіріп, баланы алып шыққан болатын. Жедел жәрдем келем дегенше оған жасанды тыныс алу жаттығуларын жасап, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Дер кезінде көмек көрсетуінің арқасында ес-түссіз жатқан жасөспірім бала аман қалды.
Шаймерден Есенкелдиев 2020 жылдан бері ҚАЖ департаментінің бастығы қызметін атқарып келеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі