Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстанада баспасөз қызметі мен БАҚ өкілдеріне арналған «Салалық журналистика мен медиакоммуникациядағы өзекті тәсілдер» атты үш айлық курс басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шараның ашылуында мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов «Дағдарыс коммуникациясының негізгі аспектілері» тақырыбында баяндама жасады. Вице-министр өз сөзінде баспасөз қызметтерінің жұмыс істеу қағидаттары, дағдарыс жағдайындағы жұмыс кезеңдері, тиімді коммуникация арналары, сондай-ақ халықаралық тәжірибе туралы айтты.
Сонымен бірге, ҚР Жоғарғы Сотының Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі Перизат Сәдуақас-Хайруллина, ҚР Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаева спикер ретінде сөз алды. Іс-шараға мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік құрылымдардың 60 баспасөз қызметінің өкілі қатысты.
Аталған курс қазақ және орыс тілдерінде өтіп, бүкіл Қазақстан бойынша онлайн-трансляция арқылы көрсетіледі.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары