6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ сайтында баспана кезегіндегі құжаттарын жаңартуы тиіс адамдардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тізімде баспана кезегінде тұрған адамдардың мәліметтері, санат және кезекке қойылған күн туралы деректер берілген. Құжаттар 2022 жылғы 14 желтоқсанға дейін жаңартылады.
Тізімдегі адамдар Республика даңғылы 32-де (307 кабинет) орналасқан Тұрғын үй орталығына мына құжаттармен келуі тиіс:
- жеке куәлік (отбасы мүшелерінің құжаттарымен бірге);
- балалардың туу туралы куәлігі;
- баланың мүгедектігі туралы анықтама;
- неке қию/некені бұзу/жұбайының (зайыбының) қайтыс болғаны туралы куәлік/ф-4 анықтама;
- отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ екені туралы анықтама.
Құжаттарды тізімде белгіленген тұрғындар ғана жаңартуға тиіс.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі