6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков мүгедектігі бар жандардың мәселесін көтеріп, олардың үй алуы үшін пайыздық мөлшерлемені төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жақында ғана әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға «Наурыз» бағдарламасы енгізіліп, мүгедектігі бар жандардың да жеңілдікпен үй алуына мүмкіндік туды. Дегенмен, депутаттың айтуынша, бұл пайыздың өзі осындай жандар үшін үлкен ауыртпашылық.
Мүгедектігі бар жандарға пайыздық мөлшерлемені едәуір түсіруді сұраймын. Осы маңызды бастамада президент бізді қолдайтынына сенеміз, - деді ол.
Мәжілісмен мүгедектігі бар азаматтар елмен қатар тең құқылы еңбек етуі қажет деп санайтынын айтты.
Мысалы, кейбір өңірдегі мәслихаттарда мүгедектігі бар азаматтардың квотасы бола тұра, онда мүгедектігі бар азаматтар жоқ. Сонымен қатар 18-ден асқан, ақыл-есі кем азаматтарға дұрыс жағдай жасалмай жатыр. Олардың қамқоршысын белгілеп, тиісті қаражатын төлеуге мүмкіндік жоқ, - деді депутат.
Таңсәуле Серіков мұндай түйткілді мәселелер туындамас үшін арнайы палата құру туралы бастама көтерді.
Мүгедектердің құқығын қорғап, әр саладағы жұмысын бір жүйеге келтіруге бағытталған «Ұлттық мүгедектер палатасын» құруды ұсынамын. Сонда осы бағыттағы түрлі ұйымдар мен қоғамдар жан-жақта шашырап, бас-басына би болмай, басқару тетігі бір жерде болар еді. Тиісті қаржы да талан-таражға түспей, нақты мұқтаж жандарға жетуіне оң әсерін тигізер еді, - деп қосты мәжілісмен.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі