Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыНаурыз айында Қазақстанда құрылыс саласында жыл басынан бергі ең жоғары баға өсімі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі TENGENOMIKA Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, құрылыс материалдарының баға индексі ақпанмен салыстырғанда 100,5%, ал 2024 жылғы наурызбен салыстырғанда 102,2% болды.
Салыстыру үшін айта кетейік: қаңтар мен ақпанда бұл көрсеткіштер тиісінше 99,9% және 100,1% болған.
Бағаның өсуіне негізінен құрылыс матералдарының қымбаттауы әсер еткен. Себебі Қазақстан көптеген құрылыс материалдарын өзі өндірсе де, импортқа тәуелділік сақталып отыр, әсіресе Ресейден жеткізілетін өнімдер көп. Сарапшылардың дерегінше, құрылыс материалдары импортының шамамен 50%-ы Ресейден келеді.
Оның үстіне жыл басынан бері теңге рубльге шаққанда 20%-дан астам әлсіреді. Бұл – рубльмен бағасы өзгермесе де, қазақстандықтар үшін ресейлік материалдардың қымбаттауына себеп болды. Соның салдарынан құрылыс жобаларының өзіндік құны артты.
Сарапшылардың айтуынша, құрылыс материалдарының қымбаттауы жылжымайтын мүлік нарығына да әсер етуі мүмкін. Көктемде сұраныс артып, құрылысшылар өз шығындарын баспана бағасына қосуы ықтимал.
Бағаның өсуі – отандық өндірушілерді қолдауды күшейтіп, логистиканы дамытып, импортқа тәуелділікті қайта қарау қажеттігінің белгісі. Сала сыртқы нарыққа тәуелді болып тұрған кезде, ол валюта бағамының ауытқуы мен сыртқы экономикалық қауіптерге осал бола береді, – дейді арна авторлары.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары