13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстандағы тұрғын үй бағасы қымбаттап келеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
LS мәліметінше, биыл тамыз айында республика бойынша жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы 1 шаршы метрге 538,5 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 11,3%-ға жоғары.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, ең үлкен баға өсімі Павлодарда байқалды – 25,8%, 1 шаршы метр үшін 451,1 мың теңге; Қызылордада – 15,3%, 386,3 мың теңге; Алматыда – 15,3%, 647,7 мың теңге; Шымкентте – 14,8%, 513,9 мың теңге.
Астанада жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы 618,7 мың теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,1%-ға жоғары.
Екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы жыл ішінде 8,8%-ға өсті, орташа есеппен 1 шаршы метр үшін 558,5 мың теңгені құрады.
Ақтөбеде екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы 20,2%-ға өсті, шаршы метрі 343,1 мың теңге болды; Павлодарда – 17,8% (428 мың теңге), Түркістанда – 14,7% (369,2 мың теңге), - делінген мәліметте.
Астанада пәтерді қайта сату бағасы 4%-ға өсіп, 1 шаршы метр үшін 663,7 мың теңгені құрады; Шымкентте – 5,7% (443,6 мың теңге). Алматыда екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы едәуір өскен- 16,6%, шаршы метрі 692,6 мың теңгені құрады.
Сонымен қатар, ел бойынша жалға алу бағасы жыл ішінде 8,5%-ға көтеріліп, орташа есеппен 1 шаршы метр үшін 4,6 мың теңге болды.
Жалға алу бағасы ең көп қымбаттаған қала Ақтөбе – 43,5% (3,1 мың теңге); Көкшетауда – 21% (3,3 мың теңге), Жезқазғанда – 20,2% (4,1 мың теңге), - деп қосты сайт.
Алматыда бір жыл ішінде жалға алу бағасы 2,3%-ға өсіп, 1 шаршы метр үшін 5,4 мың теңгені құрады; Шымкентте – 5,1% (3,9 мың теңге), Астанада – 17,6% (5,1 мың теңге).
Ай сайынғы өзгерістерге қарағанда (2025 жылғы шілдемен салыстырғанда) жаңа тұрғын үй бағасы 2%-ға өсті. Астанада баға 4%-ға, Ақтауда – 3,7%-ға, Өскеменде – 3,1%-ға қымбаттады.
Екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы бір айда 1,2%-ға артты. Баға шарықтаған қалалар қатарында Өскемен (+5,1%), Шымкент (+3,7%) және Орал (+3,2%).
Жалға алу бағасы шілдемен салыстырғанда 1,7%-ға өсті. Түркістанда баға 6,3%-ға, Астанада – 3,1%-ға, Қарағандыда – 2,9%-ға артты.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды