6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБаскетболдан Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Самарқан (Өзбекстан) қаласында өткен CABA іріктеу турнирінде жеңіске жетіп, Азия кубогына жолдама алды. Бұл туралы ҚР МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан жасөспірімдері әуелі Қырғызстан жасөспірімдер құрамасын 97:42 есебімен жеңсе, шешуші ойында Өзбекстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерінен 91:47 (32-13, 20-16, 24-8, 15-10) есебімен басым түсті.
Қазақстан U16 құрамасы CABA аймағына берілген жалғыз жолдамаға ие болды. Азия кубогінің финалдық кезеңі 17-24 қыркүйек аралығында Доха (Катар) қаласында өтеді.
Турнир нәтижелері:
1-орын: Қазақстан U 16
2-орын: Өзбекстан U 16
3-орын: Қырғызстан U 16
Сондай-ақ жеңімпаз командалар арасынан үздік ойыншылар анықталды:
Әлішер Мұратұлы - Қазақстан U 16
Амир Рустамов - Қырғызстан U 16
Гулбани Зураб – Өзбекстан U 16
Қазақстанның чемпиондық құрамы:
Мұратұлы Әлішер
Барабаш Иван
Әділбек Нұрмұхамед
Әубәкіров Санжар
Джарекеев Ислам
Талғатов Арсен
Дорошин Алексей
Пестов Илья
Сұлтан Бейбарыс
Ремезов Иван
Соннов Павел
Исабаев Марлен.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі