Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБаскетболдан Чемпиондар лигасының плей-ин кезеңінде Израильдің «Хапоэль» (Холон) және Италияның «Трапани Шарк» командалары арасындағы матч бар-жоғы жеті минутқа ғана созылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ауыр қаржылық қиындықтарға тап болған италиялық клуб Израильге бар болғаны бес ойыншымен барған. Атап айтқанда, алаңға Алессандро Каппеллетти, Франческо Мартинелли, Риккардо Россато, Фабрицио Пульятти және Луиджи Патти шықты.
Айта кетерлігі, Луиджи Патти (2007 жылы туған) мен Франческо Мартинелли (2008) үшін бұл кәсіби баскетболдағы алғашқы ойын болды.
Ойын басталғаннан кейін бес минут өткен соң Россато, Каппеллетти және Пульятти алаңды тастап кетті. Нәтижесінде «Трапани» сапында екі ғана баскетболшы қалды. Көп ұзамай Патти өзінің бесінші фолын алып, бірінші кезеңнің аяқталуына 3 минут 6 секунд қалғанда матч тоқтатылды.
Регламентке сәйкес, жеңіс 38:5 есебімен «Хапоэльге» берілді. Қарымта кездесу 8 қаңтарға жоспарланған. Бұл жұптың жеңімпазы турнирдің 1/8 финалына жолдама алады.
Айта кетейік, өткен аптада «Трапани» Италия чемпионатындағы «Виртусқа» қарсы ойынды да өткізе алмай, 0:20 есебімен техникалық жеңіліс алған болатын. Клуб президенті Валерио Антонини жалақы мен салықтардың төленбеуіне қатысты іс бойынша 7 қаңтарда сот алдында жауап бермек.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек