13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызБәсекелестікті арттыру үшін «Қазақтелеком» АҚ еншісінен бір компанияны шығармақ. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз брифингте БАҚ өкілдері министрлік өкілдерінен жауап алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов бүгінгі таңда «Қазақтелеком» АҚ еншісінде екі мобильді оператор (кселл, тele2) компаниясы барын тілге тиек етті. Сондай-ақ, «актив» байланыстың бренді екенін және ол «Кселл» АҚ кіретінін айтты.
Бұл өз кезегінде нарықтың 62 пайызы «Қазақтелеком» АҚ еншісінде деген сөз. Қалғаны «КаР-Тел» ЖШС тиесілі. Демек бәсекелестік мүлдем жоқ деген сөзғой деген тілшінің сауалына министрлік өкілі дүниежүзі бойынша әрбір мемлекетте мобильді нарық ол «олигополия» ретінде құрылады деді.
Олигополия дегеніміз нарықта тек қана екі-үш немесе төрт операторлар жұмыс істейді. Мемлекет радиожелілікті тарату және беру арқылы немесе аукцион жариялау арқылы жүзеге асырады. Бұл мобильді операторлардың негізі. Сол себепті бізде халықаралық тәжірибе бойынша нарықта үш оператор. Ал бәсекелестікті арттыру үшін «Қазақтелеком» АҚ қазіргі таңда «Кселлді» шығару бойынша инвесторлармен келіссөз жүргізіп жатыр. Нақты қандай инвесторлар екенін айта алмаймын. Бұл жабық ақпарат және ол «Самұрық-Қазына» АҚ құзыретіне кіреді. Келісімдерге қол жеткізген уақытта жариялайтын болады, – деді министрлік өкілі.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды