Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБас прокурор Берік Асылов әлеуметтік желідегі ресми парақшасында қаза тапқан және жарақат алған әскери қызметшілердің мәселелерін қарау жұмысына Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның орталық аппараттарының өкілдері тартылғанын хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.
Оның айтуынша, қайғылы жағдайға тап болған сарбаздардың аналарының ұсыныстары мен пікірлері назардан тыс қалмайды.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратураның басшылығы қаза тапқан және жарақат алған әскери қызметшілердің аналарын қабылдайды.
Олардың әрбір уәжі ескерусіз қалмайды. Сонымен қатар сарбаздардың қаза табуы мен жарақат алуын болдырмау бағытындағы жұмыстарға, әскери қызметке шақырудың заңдылығына және медициналық комиссия қорытындыларының негізділігіне құқықтық баға беріледі, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, кеше әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары өз наразылығын білдірген болатын.
Көп ұзамай президент бұл мәселеге назар аударып, қорғаныс саласындағы өлім жағдайларын мұқият тексеруді және аналардың арыздарын қарауды тапсырды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?