Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБас прокурор Берік Асылов «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру бойынша кеңес өткізіп, антибуллинг бағдарламаларының тиімділігін зерделеуді тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе, Атырау, Павлодар және басқа да өңірлерде жасөспірімдер қылмысы көбейіп отыр. Профилактикалық шараларды күшейтуді, антибуллинг бағдарламаларының тиімділігін зерделеуді тапсырдым. Қоғамдық орындардағы қауіпсіздікке ерекше назар аудардым. Қауіпті учаскелерді бейнекамералармен және жарықпен жабдықтап, патрульдеуді күшейту қажет. Азаматтар өздерін қорғалған сезінуі тиіс – сөз жүзінде емес, іс жүзінде, - деп жазды бас прокурор Х әлеуметтік парақшасында.
Сонымен қатар ол жол-көлік оқиғаларының күрт өскенін алға тартты. Яғни бір жылда +67%, жарақат алғандар +79%.
Атырау, Қостанай, Актөбе, Жетісу облыстарында жағдай күрделі. Апаттардың 72%-ы трассаларда. Жүргізушілердің еңбек тәртібін бақылау, бала тасымалдау ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды. Халықаралық сарапшылардың қатысуымен Талғар мен Рудный қалаларында қауіпсіздік мәселелерін талдайтын пилоттық жоба іске қосылады. Өңірлердің криминологиялық паспорттарын әзірлеу, уәкілетті органдармен бірлесіп мектептерде заң мәдениетін ілгерілету тапсырылды, - деп қосты Асылов.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары