22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕліміздің бас прокуроры Берік Асылов ҚСжАЕК-ның Қылмыстық қауіп-қатерлер және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығының алғашқы есебі тыңдалғанын алға тартты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның сөізнше, орталық жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып, цифрлық жобаларды іске асыруға кіріскен: «е-Өтініш» жүйесіндегі жолданымдарды талдайды, қылмыстылықты болжайды, Қазақстанға таралуына жол бермеу үшін әлемдік қылмыстық қауіп-қатерлерді бақылайды.
Жуырда дәл осы орталық автокөлік иелеріне бағытталған ауқымды фишингтік шабуыл туралы алдын ала ескерту жасады. Қаскүнемдер жол жүрiсi қағидаларын бұзғаны туралы «қаулылары» тіркелген және «айыппұл төлеу» сілтемесі бар хаттарды таратуда. Оған өту қаражаттың ұрлануына және құрылғылардың зақымдалуына әкеледі. Алғашқы шабуылдар АҚШ пен РФ-да тіркелді, сол себептен біз азаматтар мен мемлекеттік органдарды бар тәуекелдер туралы хабардар етудеміз, - деп жазды ол Х әлеуметтік желідегі парақшасында.
Асылов адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бірінші кезектегі міндет екенін еске салды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура киберқылмыс қауіп-қатерлерін дер кезінде анықтап, алдын алу мақсатында цифрлық болжамды одан әрі жүзеге асырады. Бұл – қоғам алдындағы біздің жаңа жауапкершілігіміз, - деп қосты ол.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев