23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кезекті отырысы өтіп жатыр. Бас прокурордың көмекшісі Дәулет Рамазанов прокуратура органдарының жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас прокуратура өзіне тиесілі нормативтік құқықтық-актілерді ревизиялап, тексердік. Нәтижесінде прокуратура органдарының жұмысын айтарлықтай тежейтін құқықтық актілер анықталмады. Мұны өткен жылдың 5 қарашасында Парламентте қабылданған "Прокуратура туралы конституциялық заңмен" тығыз байланыстырып отырмыз. 2022 жылдың қарашасынан бастап биылғы қаңтарға дейін Бас прокуратураның 200-ден астам құқықтық актілері толығымен жаңа конституциялық заңға сәйкестендірілген болатын, - деді Дәулет Рамазанов.
Сондай-ақ Бас прокурордың көмекшісі заң шығару процесіне Әділет министрлігімен бірлесе ат салысатынын атап өтті.
Бас прокуратура өз тарапынан заң шығаруды оңтайландыру мәселелері бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын ұдайы Әділет министрлігіне жолдауда. Бұл ретте Әділет министрлігінің жаңа басшылығының норма шығаруда қалыптасқан жүйелі проблемаларды шешуге дайын екенін, сондай-ақ министрлік тарапынан аталған проблемаларды талқылап, ортақ жол тауып, шешуге икемділігін ерекше атап өткім келеді, - деді ол.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік