Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПрезиденттікке кандидаттардың үгіт-насихат жұмысын жүргізу кезінде сайлау заңнамасын бұзған төрт азаматқа әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Үгіт науқаны барысында екі заң бұзушылық және интернет-ресурстар арқылы тағы екі заң бұзушылық болды", – деді Бас прокурорының орынбасары Жандос Өміралиев.
Өз сөзінде Бас прокуратура өкілі заң бұзғандардың барлығы кінәсін толық мойындағанын және оларға айыппұл салынғанын айтты.
Соындай-ақ Бас прокуратура басқармасының басшысы Азамат Серғазин төрт бұзушылық жөнінде түсіндірме берді.
"Президенттікке үміткерлердің үгіт материалдарына қасақана зиян келтіру бойынша екі факт анықталды. Мұнда кінәлілер ӘҚБтК-нің 114-бабы бойынша жауапқа тартылды. Тағы екі факт — ОСК-ға хабарламай, әлеуметтік желілерде сауалнама жүргізу жөнінде", – деді Азамат Серғазин.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі