Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев Бас прокуратураға Шерзат Болат көз жұмған Талғардағы трагедияға қатысты депутаттық сауал жолдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
Шерзат бауырымыз көз жұмған Талғардағы трагедияға қатысты депутаттық сауал жолдаған едім. Жауабы келді. Алматы облысының Талғар аудандық ПБ ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5,7,9,14) тармақтарымен тергеп-тексеруді бастаған (аса қатыгездiкпен жасалған, адамдар тобының, алдын ала сөз байласуымен, бұзақылық ниетпен, көрінеу кəмелетке толмаған адамды өлтіру). Оған қоса ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық, пышақтарды немесе өзге де суық қаруды қолданып жасалған іс-əрекеттер) жəне ҚК-нің 434-бабы бойынша (қылмыс туралы хабарламау) қылмыстық істер тіркелген (бір іс жүргізуге біріктірілді), - делінген Бас прокуратура жауабында.
Іс бойынша 11 күдікті тұлға ұсталды жəне сот оларға қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын санкцияланған.
Бүгінде қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалды, орын алған оқиғаның мəн-жайларын анықтауға бағытталған тергеу əрекеттері жүргізілуде. Олардың нəтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, процестік шешім қабылданатын болады. Сауалда көрсетілген Алматы, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар жəне Ақтөбе облыстарында орын алған қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу барысы қатаң бақылауда, - делінген жауапта.
Бас прокуратура нəтижесі бойынша процестік шешім қабылданатынын мәлімдеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?