6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Армения Республикасындағы елшіліктің көмегімен бұрын бірнеше рет сотталған Қазақстан азаматын кісі өлтіруге оқталғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ереваннан экстрадициялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас прокуратура мәліметінше, 2024 жылдың қыркүйегінде Петропавл қаласында аталған тұлға мас күйінде бұзақылық ниетпен жәбірленушінің өмірлік маңызды органдарына пышақпен бірнеше рет жарақат салған, абырой болғанда дәрігерлер оның өмірін сақтап қалды.
Қылмыс жасағаннан кейін шабуылдаушы қылмыстық қудалау органдарынан қашып кеткен, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланған. Былтырғы қазан айында ол Армения аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланған, - делінген мәліметте.
Қазір күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды.
Айыптау қылмысын жасағаны үшін мүлкін тәркілеу арқылы он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі