Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіНұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл ақпарат Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында шықты.
Аталған порталдың "Қылмыскерлерді іздеу" бөлімінде 1955 жылы туған Арғын Зайруллаұлы Нығматулиннің іздестіріліп жатқаны көрсетілген.
Ресми мәліметке сәйкес, іздеу ісі 2025 жылғы 3 наурызда ашылып, Астана қаласында тіркелген. Іздеу жұмыстарын Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізіп жатыр, ал бастамашы орган – прокуратура.
Айта кетейік, Арғын Зайроллаұлы шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы жастар құрамасының бас менеджері және Қазақстан шайбалы хоккей федерациясы Атқару комитетінің мүшесі болып жүр. Қазіргі кезде федерацияның Қарағанды облыстық филиалын басқарады.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады