12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстанда Құрбан айт мерекесін атап өту» тақырыбында брифинг өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Басқосуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай Құрбан айтта қашан құрбан шалуға болатынын айтты.
27 маусым – Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні. Құрбан шалу уақыты 28 маусым күні айт намазы оқылып болғаннан кейін басталады. Аталған уақыттан тыс, ерте және кешігіп те болмайды, - деді Кенжетай Байкемелұлы.
Айт күндері жасалатын игі істердің ең абзалы – құрбан шалу. Кенжетай Дүйсенбай Құрбан айт күндері құрбан шалуға шамасы келген, дәулетті, балиғат жасына жеткен, ақыл-есі дұрыс, сол күндері жолаушы болмаған мұсылманға міндет екенін атап өтті.
Барлық мал құрбандыққа жарамайды. Құрбандыққа шалынатын мал төрт түліктің бірі, яғни қой, ешкі, сиыр, түйе болуы керек, - деді Бас мүфти кеңесшісі.
Брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров құрбан шалудың шартына тоқталды.
Алдымен құрбанға шалынатын малды қинамау керек. Сойылатын жерін таза ұстап, малды құбылаға жатқызып, оның көзінше пышақты қайрамау қажет. Малға өте ұқыпты қарап, сойылатын жерді реттестіріп қоюымыз тиіс, - деді Батыржан Берденұлы.
Сонымен қатар құрбан шалушы адам өзі малды бауыздай алмаса, онда ол қасапшының көмегіне жүгіне алады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер