7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Республикалық бас мешітте жұма уағызын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мешіт жамағатына «Әрбір істі ықыласпен орындау» тақырыбында насихат айтқан ҚМДБ Төрағасы: «Алла Тағала қасиетті Құранда: «Асылы, олар тек қана хақ діннен ауытқымай, Аллаға шын ықыласта болып, Оған құлшылық етуге, намаз өтеуге, зекет беруге бұйырылған.
Нағыз тура дін міне – осы», – деп айтқан («Бәйина» сүресі, 5-аят). Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Алла Тағала тек шынайы ықыласпен және Оның разылығы үшін жасалған амалды ғана қабыл етеді», – деген.
Ал Әзіреті Әли (Алла оған разы болсын): «Істің көптігіне емес, аз болса да ықыласпен істеуге көңіл бөлу керек», – деп ықыластың маңыздылығын айтқан екен. Сондықтан мұсылман адам әрбір ізгі ісін бір Алланың разылығын көздеп, көзбояушылықтан, мақтанудан аулақ болуы тиіс. Сонда ғана қабыл болады» деп атап өтті.
Жұма намазынан кейін Бас мүфти жамағатпен бірге қаңтар оқиғасынан қаза тапқан марқұмдардың рухына арнайы Құран аяттарын бағыштап, Жаратқаннан жарылқау тіледі, - деп жазды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?