7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатты ауызашарды "ифтар", сәресіні "сухур" деп атаудан аулақ болуға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, діни терминдерді қазақ тілінде қолдану ата-баба дәстүрін сақтау болып табылады.
Жастарды діни терминдерді қазақша айтуға шақырамын. Өкініштісі, кейбір жас буын ауызашарды ифтар, сәресін сухур деп айтып жүргені көңілге қаяу түсіреді. Сан ғасырдан бері мұсылман жолын ұстанған ата-бабамыз "ауызашар", "сәресі" деген сөздерді қолданған. Біз де бабалар жолын ұстанған ұрпақ ретінде өзге тілден енген діни терминдерден барынша аулақ болып, жақсы сөзді қолдансақ, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Сондай-ақ бас мүфти мұсылман қауымын Рамазан айында сауап жинауға шақырып, әрбір өнегелі істе сауап бар екенін айтты, мысалы, саудагерлер азық-түлік бағасын төмендетсе, арақ-шарап сатудан бас тартса, жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетілсе, бұл қоғамда қайырымдылық пен ізгілікті арттыратынын жеткізді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?