Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанда алғаш рет бата беруден байқау өтті. Жарысқа еліміздің әр аймағынан келген 20 ақсақал қатысқан. Басты талап – батаның мәні және оқып жатқан кезде кідіріп қалмау. Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігі "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бата бергенде "Әруақ қолдасын, аруақ жебесін" деген сөзді қолданбау керегін айтады. Әрі бата "Фатиха" сүресімен басталуы қажет деп отыр.
Аллаға серік қоспау, Аллаға сыйыну, Алладан сұрау – негізгі шарттардың бірі. Мұсылман халқы болғандықтан тілегімізді бір Аллаға сыйынып, бата береміз. Кәрі мұсылман, тақуа жандардың тілегі қабыл болады. Бата сөзінің ғылыми негізі "Фатиха" деген сөзден шыққан. "Фатиха" сүресі Құранның алғашқы сүресі екенін білеміз, – дейді Наурызбай қажы Тағанұлы
Сайыста төреші болған Серік Негимов бұл байқаудың ақсақалдарға бата жаттатқызудың тиімді жолына айналғанын мәлімдеді.
Батада табиғатты, жаратылысты сақтау, экология, адамгершілік барлығы қосылады, – деді Серік Негимов.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары