6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕлордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы еркін күрестен қазақ балуандары арасында тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас мүфти 20 жастағы балуанды соңғы екі жылдағы жарқын жеңістерімен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.
Күрес – асыл дінімізде ерекше құпталған, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті саналатын әрі қазақтың қанына сіңген спорт. Бозкілемде жауырыныңызды жерге тигізбей, әлемдік додаларда еліміздің даңқын асырып келесіз. Алла Тағала жетістігіңізді ұзағынан етіп, өзіңізді жарақат атаулыдан, тіл-көз, қауіп-қатерден сақтағай. Жеңісті жолыңызды жалғап, келесі Олимпиадада чемпион атануыңызды тілеймін, - деді ҚМДБ төрағасы.
Айта кетейік, Ризабек Қанатұлы 2023 жылы еркін күрестен ересектер арасында әлем чемпионы атанды. Ал биыл 20 жасқа дейінгі және 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткен әлемдік турнирлерде тағы да өзінің теңдессіз екенін дәлелдеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі