Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚХЛ чемпионатының кезекті турында Астананың «Барысы» өз айдынында Мәскеудің «Динамосын» қабылдап, 1:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ойынның алғашқы голын алтыншы минутта қонақтар сапынан Никита Гусев соқты.
27-минутта Уил Джордан есепті еселеді. Араға екі минут салып Әлихан Өмірбеков есепті қысқартқанымен, жағдайын түзетуге елордалықтардың шамасы жетпеді.
Есесіне «Динамо» сапынан Никита Гусев дубль авторы атанып, матч нүктесін қойды.
Осылайша, «Барыс» ҚХЛ чемпионатында өткізген 8 ойынның жетеуінде жеңілді. Астаналықтар турнир кестесінің соңғы орнында. Келесі ойынын олар 26 қыркүйекте «Сочиге» қарсы өткізеді.
Еске салайық, 24 қыркүйекте «Барыс» бас бапкерсіз қалды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?