6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚұрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионаты аясында елорданың «Барыс» клубы өз алаңында Ресейдің «Северсталімен» кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астаналықтар бұл маусымды сәтсіз өткізіп жатыр. Бұлай дейтініміз, Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері 10 ойынның тек үшеуінде жеңіске жетті. Ал турнир кестесінде 23 ұпаймен 21-орында тұрған болатын.
Бұл ойында да есепті алдымен қонақтар ашты. «Северсталь» ойыншысы Никита Коростелёв 16-минутта қақпаны дәл көздеді. Дегенмен екінші кезеңде елордалықтар есін жинап, қарсылас қақпасына үш шайба соқты. Айта кетерлігі, үш голдың соғылуына да қазақстандық Батырлан Мұратов үлесін қосты. Бұл есеп матчтың соңына дейін өзгерген жоқ. осылайша «Барыс» 4:1 есебімен жеңіске жетті.
«Барыс» (Астана) – «Северсталь» (Череповец) – 4:1 (0:1, 3:0, 1:0)
Шайба соққандар:
0:1 - Коростелев (Буренов, Степанов), 16:12
1:1 - Бекетаев (Муратов), 27:19.
2:1 - Савицкий (Муратов, Бекетаев), 29:58.
3:1 - Муратов (Шестаков, Савицкий), 32:56.
4:1 - Муратов, 50:42.
Қақпашылар: Паскуале - Шугаев
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі