Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстананың «Барысы» ҚХЛ-дағы кезекті матчында Хабаровскінің «Амурын» тізе бүктірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қонақтар кездесуді қарқынды бастап, 20-минутта Олег Лидің голының арқасында алға шықты. Ал екінші кезеңнің басында Сергей Дубакин есепті 0:2-ге жеткізді. Дегенмен «Барыс» жылдам ес жиды: 30-минутта Райли Уолш алыстан бағыттаған шайбасымен есепті қысқартса, үш минуттан соң Кирилл Савицкий таблодағы көрсеткішті теңестірді – 2:2.
37-минутта Эмиль Галиев жылдам қарсы шабуылдың нүктесін қойып, алаң иелерін алға шығарды. Бірақ үшінші кезеңнің 42-минутында Кирилл Петьков қақпашымен жеке шығып, есепті қайта теңестірді – 3:3. Негізгі уақыт та, овертайм да жеңімпазды анықтай алмады.
Шешуші сәт буллит сериясында тіркелді. Мұнда астаналық қақпашы Андрей Шутов сенімді ойнап, қарсыластың бірнеше соққысын қайтарды. Ал шешуші соққыны дәл орындаған Кирилл Савицкий «Барысқа» жеңіс сыйлады.
Қорытынды есеп: «Барыс» – «Амур» 4:3.
Келесі ойында астаналықтар 13 қыркүйекте Минскінің «Динамосын» қабылдайды.
Айта кетейік, маусымның алғашқы матчында «Барыс» «Тракторды» овертаймда дәл осындай 4:3 есебімен жеңген болатын. Осылайша, екі турдан кейін қазақстандық клуб Шығыс конференциясында көш бастап тұр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары