Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары"Барыс" шабуылшысы Дмитрий Гурков Ресей азаматтығынан бас тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Хоккейші алдағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында айдынға шығуға дайындалып жатыр. Мәскеулік "Динамо" тәрбиеленушісі Гурков Қазақстанда 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол алдағы әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасына ілігу үшін Ресей азаматтығынан бас тартуға мәжбүр болған.
ҚХЛ тұрақты чемпионатында 26 жастағы форвард "Барыс" сапында 34 матч өткізіп, нәтижелі пас беріп ерекшеленді.
Алдағы әлем біріншілігі 12-28 мамыр аралығында Рига мен Тамперада өтеді. Қазақстан құрамасы Латвия астанасында ойнайды. Еліміздің В тобындағы қарсыластары Норвегия, Чехия, Швейцария, Канада, Словакия, Латвия және Словения командалары болады.
Бұған дейін Қазақстан азаматтығын қоса алып жүрген үш хоккейшіні қандай жаза күтіп тұрғанын жазғанбыз.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар