Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАстананың «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасының аясында сырт айдында Санкт-Петербургтің СКА клубымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сарапшылар айдын иелерін фаворит санаған, солай болды да.
Ғалым Мәмбеталиев айдында мына құрамға шығарды: Бояркин (Шутов) — Бекетаев-Камалов, Бочаров-Николишин-Сетдиков; Хохлов-Данияр, Әсетов-Өмірбеков-Бурдасов; Королев-Оразов, Савицкий-Логвин-Муратов; Гайтамиров-Бутенко, Қайыржан-Рахманов-Оспанов.
Бірінші кезеңде есеп ашылып, оны СКА клубынан Грицюк соқты. Ал екінші және үшінші таймдарда осы есеп өзгерген жоқ – 1:0. Осылайша, астаналық ұжым қатарынан сегізінші рет жеңіліс тауып отыр.
17 желтоқсанда «Барыс» Мәскеудің «Динамо» клубына қонаққа барады
СКА (Санкт-Петербург, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 1:0 (1:0, 0:0, 0:0)
Шайбалар:
1:0 — 13:48 Грицюк (Хайруллин, Коромыслов)
Қақпашылар: Мойсевич — Бояркин
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс