6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚХЛ аясында Астананың «Барысы» өз айдынында «Автомобилист» клубын қабылдап, 1:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елордалық команда ҚХЛ-ның биылғы маусымында 23 ойын өткізіп, оның 19-ында жеңілді.
Бұл матчта есепті бірінші болып астаналықтар ашқан еді. Алғашқы кезең аяқталар тұста Сетдиков Савицкидің пасын ұтымды пайдаланып, «Автомобилист» қақпасын дәл көздеді. Екінші кезеңде де «Барыс» басымдықты өз қолына алып, осы есепті ұстап қалған. Алайда Екатеринбургтен келген команда шешуші үшінші кезеңде қатарынан үш шайба соғып, маңызды ұпайын еншілеп кетті.
Небәрі 14 ұпай жинаған «Барыс» турнир кестесінің соңғы 12-сатысынан 11-сатысына көтерілген болатын. Команданың плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігі жоқ деуге болады.
11 қарашада Мәмбетәлиев шәкірттері «Нефтехимикке» қонаққа барады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі