Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек17 қазан күні астаналық «Барыс» клубы жаңа бас директорының есімін жариялады. Борис Иванищевтің орнына бұған дейін елордалық ұжымда басшылық лауазымды екі рет атқарған Нұрлан Оразбаев қайта келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қорының шешімімен Нұрлан Оразбаев «Барыстың» бас директоры болып тағайындалды, - делінген клубтың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
56 жастағы Қарағанды облысының тумасы Нұрлан Оразбаев хоккейші ретінде өзі де «Барыс» жейдесін киген.
Сонан соң екі рет – 2006-2012 жылдар аралығында және 2013-2015 жылдар аралығында астаналық клубтың президенті болды.
Енді, міне, Оразбаев үшінші рет өз командасының бас директоры қызметіне шақырылып отыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?