6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада «Амур» (Хабаровск) клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды El.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында қазақстандық команда алдымен есеп ашты. Оны 18-минутта Аңсар Шайхмедденов өзінің еншісіне жазды. Көп ұзамай 19-минутта «Амур» хоккейшісі Сергей Дубакин таразы басын теңестірді.
Екінші кезең басталғанда ресейлік команда шабуыл ұйымдастырды. Осындай сәттердің бірінде олардың қатарынан Ян Дрозг 21-минутта өзінің командасын алға шығарды.
Ойының 59-минутында реесйлік командадан Александр Шаров қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
Енді «Барыс» 21 қарашада елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі