Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБартоғай және Күрті су қоймаларындағы су шығындарын болдырмау жұмыстары оң әсерін берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналына қарасты аумақта вегетация жұмыстары тұрақты жүріп жатыр. Ең алдымен бұл жағдайға вегетация кезеңіне дейін қажетті көлемді толтыру мақсатында Бартоғай және Күрті су қоймаларының жұмыс режимін сақтау жұмыстары әсерін тигізді.
Сондай-ақ, вегетациялық кезеңге дейін негізгі су шаруашылығы объектілеріне су шығындарын болдырмау үшін жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 253,4 м3 аумақ бетондалса, су шығынын азайтуға ықпал ететін 43,5 шақырым арнаға механикаландырылған тазарту жұмыстары атқарылған.
Алайда, мамыр айындағы төмен температураға байланысты Бартоғай су қоймасындағы ағын күші азайып, 30 м3/сек-тен жоғары көтерілмеген көрінеді.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?