Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжіліс депутаты Еркін Әбіл барлық шығындарды салық есебінен жабу қажет, Ұлттық қордан ақша алмау керек екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутат негізгі мәселе қосымша құн салығының мөлшерінде, бұл 20 пайыз, 16 пайыз немесе 12 пайыз деңгейінде болуы маңызды емес екенін айтты.
Мәселе –біздің бюджет кірістері мен шығындарының сәйкес келмеуінде. Бұл жағдай инфляциямен де тығыз байланысты. Бүгінгі таңда біз Ұлттық қордан қаражат алуғамәжбүр болып отырмыз. Қазірдің өзінде бұл көрсеткіштер 4, 5, 6 триллион теңгеге жақындап қалды. Бірақ бұл – сырттан келген ақша. Ол біздің экономикамыздың дамуының нәтижесі емес. Сондықтан бізде шығарылған өнім мен айналымдағы ақша көлемі сәйкес келмей жатыр. Соның салдарынан инфляция өсіп, күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасы шарықтауда, – деді Еркін Әбіл.
Мәжілісмен барлық шығындарды салық есебінен жабу қажет екенін жеткізді.
Ұлттық қордан ақша алмауға тырысуымыз керек. Бүгін ұсынылып отырған бастамалардың бірі – қосымша құн салығын 12 пайыздан 16 пайызға көтеру. Әрине, біз мұның бизнеске әсер ететінін түсінеміз. Себебі бизнес салықты соңғы бағаға қосады.Тек бюджетке қосымша қаражат тарту ғана емес, сонымен бірге экономиканың дамуына да ықпал етуіміз қажет. Сондықтан бұл мәселе өте маңызды, – деді ол.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?